2015 жылы Шыңжаң 100 млн. туристі қабылдап, 16 млрд. доллар табыс табады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2015 жылы Шыңжаң 100 млн. туристі қабылдап, 16 млрд. доллар табыс табады

2015 жылы Шыңжаң 100 млн. туристі қабылдап, 16 млрд. доллар табыс табады

Қазақстанмен шекаралас қытайлық Шыңжаң-Ұйғыр шекаралас автономиялық ауданы туризмді белсенді дамытуда.

  • 16 Қараша 2012
  • 381
Фото - Caravan.kz

2012 жылдан бастап ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық орталығында туристік индустрияны дамытудың үш жылдық жоспары іске асырылуда.

Болжам бойынша, 2015 жылы Шыңжаң 100 миллионнан астам туристі қабылдамақ, одан келіп түскен кіріс сомасы 100 млрд. юаньға (шамамен 16 млрд. доллар) жетеді, бұл ШҰАА халық шаруашылығы ЖІӨ-сінің шамамен 8 пайызын құрайды.

Ағымдағы жылдың үш маусымының қорытындылары бойынша Шыңжаңға 37,93 млн. отандық және шетелдік туристер келді. Олардың ішінде бір миллионнан астамы — шетелдік туристер, олардан келіп түскен кіріс 450 млн. долларды құрады. Кірістердің негізгі бөлігі отандық туристерден 7 млрд. доллардан астам көлемде келіп түсуде.

2011 жылы Шыңжаңға 40 миллионнан астам туристер келіп, туристік кірістер шамамен 6,5 млрд. долларды құрады.

Туризмді қысқы уақытта дамыту үшін Үрімшіде мұз және қар туристік фестивалі мен туризм индустриясының қысқы жәрмеңкесі өткізілуде. Кезекті шаралар ағымдағы жылдың 30 қарашасы мен 2 желтоқсан аралығында Бейжіңнің, Гуандун және Цзянси шығыс провинцияларының жетекші туристік фирмаларының қатысуымен өтеді.

Соңғы жаңалықтар