2015-2017 жылдарға білім беру бағдарламасына жыл сайын 962,2 млн. теңге қарастырылып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2015-2017 жылдарға білім беру бағдарламасына жыл сайын 962,2 млн. теңге қарастырылып отыр

2015-2017 жылдарға білім беру бағдарламасына жыл сайын 962,2 млн. теңге қарастырылып отыр

2015-2017 жылдарға білім беру бағдарламасын әзірлеуге жыл сайын 962,2 миллион теңге көлемінде бюджет қаржысы көзделуде. 

  • 24 Тамыз 2015
  • 366
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, қаражат жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру саласындағы жобаларды заманауи кадрлармен қамтамасыз етуге, инновациялық тұрғыдағы білім беру бағдарламасын енгізуге және жаңа зертханалық құрылғыларды оқытуға бағытталады. Базалық жоғары оқу орындарында 24 жаңа білім беру бағдарламалары жасалынды. 24 зертхана құрылды.

«Зертхананы ашуға 10 млрд. теңге, сонымен бірге 3 млрд. теңге  2015-2016 жылдарға, 4 млрд. теңге 2017 жылға қарастырылған.  2015-2017 жылдарға білім беру бағдарламасын әзірлеуге жыл сайын  962,2 миллион теңге көлемінде бюджет қаржысы көзделіп отыр», деді ол.

Сонымен қатар оның атап өтуінше, 2015-2016 оқу жылынан бастап базалық жоғары оқу орындарында ИИДМБ-2 аясында магистранттарды оқыту жаңа білім беру бағдарламасы бойынша басталады. Ағымдағы жылы базалық жоғары оқу орындарында бейінді магистратура бойынша  1900 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды. Ал 2017 жылдың соңына дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінде базалық жоғары оқу орындары мен колледждерде инфрақұрылымды дамыту әрі материалдық- техникалық базамамен қамтамасыз ету жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар