2015-жылы Қашаған кенішінде күніне 1 млн. баррельден астам мұнай өндірілетін болады - Ұлыбританиядағы ҚР елшісі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2015-жылы Қашаған кенішінде күніне 1 млн. баррельден астам мұнай өндірілетін болады - Ұлыбританиядағы ҚР елшісі

2015-жылы Қашаған кенішінде күніне 1 млн. баррельден астам мұнай өндірілетін болады - Ұлыбританиядағы ҚР елшісі

2015-жылы Қашаған кенішінде күніне 1 млн. баррельден астам мұнай өндірілетін болады, бұл Қазақстанда өндіріледі деп жоспарланған мұнай көлемінің шамамен үштен бір бөлігін құрайды. Ұлыбританиядағы ҚР елшісі Ерлан Ыдырысов АҚШ-тың New York Times газетіне телефон арқылы берген сұхбатында осындай мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Наурыз 2004
  • 519
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, белгіленген жоспарға сәйкес, кеніштегі мұнай өндіру көлемі 2010-жылы 21 млн. тоннаны құраса, 2013-жылы бұл мөлшер екі есе артып, 42 млн. тоннаға, ал 2015-жылы 56 млн. тоннаға жетеді деп күтілуде.

Agip KCO консорциумы мен ҚР үкіметі арасындағы келісім шартына сәйкес, Қашаған кенішінде мұнай өндіру жұмысы 2005-жылы басталуы тиіс болатын. Алайда, Agip KCO Қашаған кенішінде мұнай өндіре бастау мерзімін 2007-жылға дейін шегеруге келісім беруге байланысты шығынның өтемі ретінде 150 млн. доллар ұсынған.
Agip KCO консорциумына BG Group, Exxon Mobil, Inpex Masela Ltd., Phillips, Shell және TotalFinaElf компаниялары біріккен. Қашаған кенішіндегі алғашқы мұнай Восток-1 ұңғысында 2000-жылдың жазында табылды. Кеніштегі дәлелденген мұнай қоры 11 млрд. баррельді құрайды.

Соңғы жаңалықтар