2015-жылы Қазақстанда жан басына шаққандағы Жалпы Ішкі Өнім мөлшері 9 мың долларға жетеді - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2015-жылы Қазақстанда жан басына шаққандағы Жалпы Ішкі Өнім мөлшері 9 мың долларға жетеді - президент

2015-жылы Қазақстанда жан басына шаққандағы Жалпы Ішкі Өнім мөлшері 9 мың долларға жетеді - президент

"Егер осыдан 10 жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 700 АҚШ долларына тең болса, 2004 жылдың соңында ол 2700 долларға жетті. Биылғы жылдың қорытындысында ол 3 мың доллардан асады деп болжанып отыр. Ал, 2010 жылы жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда 5800 АҚШ долларынан асатын деңгейге, яғни Чехия, Венгрия, Малайзия елдерінің бүгінгі дәрежесіне жетсек, 2015 жылы ішкі жалпы өнімді 9 мың АҚШ долларына жеткізуге мүмкіндігіміз бар. Бұл туралы бүгін, 18-ақпанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа арнаған жыл сайынғы жолдауында атап көрсетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Ақпан 2005
  • 2531
Фото - Caravan.kz

«Жалпы сатып алу қабілетін шамалайтын болсақ, қазірдің өзінде біз сол деңгейге жетіп отырған халықпыз. Біз еліміздің жалпы ішкі өнімін 2000 жылмен салыстырғанда 2010 жылы екі есе ұлғайтуды жоспарласақ та, оған 2008 жылы-ақ жететінімізге сенім мол. Сондықтан, біздер 2008 жылы 2000 жылмен салыстырғанда екі Қазақстан жасаймыз», деді Елбасы.

Перейти к новостям спорта