2016 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 20-50%-ға көбейеді - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2016 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 20-50%-ға көбейеді

2016 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 20-50%-ға көбейеді

Бүгін ел Үкіметі бесінші шақырылымда бесінші сессиясын ашқан Парламенттің қарауына 2016 жылға арналған бюджет жобасын енгізді.

  • 1 Қыркүйек 2015
  • 704
Фото - Caravan.kz

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің мәліметінше, келесі жылдың бюджетінен мұғалімдердің жалақысын көбейту үшін 200 млрд теңге бөлінеді. 

«Жаңа оқу жылы мұғалімдер үшін жақсы жаңалықпен басталғалы отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, бүгін ел Үкіметі бесінші шақырылымда бесінші сессиясын ашқан Парламенттің қарауына 2016 жылға арналған бюджеттің жобасын енгізді. Бюджет жобасында ұстаздардың категориясына, еңбек өтілі мен біліктілік деңгейіне қарай, жалақыларын көбейту қарастырылған. Осылайша, 2016 жылдан бастап, еліміздегі ұстаздардың жалақысы 20-50 пайызға дейін көбейеді. Бұл үшін бюджеттен қосымша 200 млрд теңгеге жуық ақша бөлінеді. Менің ойымша, бұл — еліміздің білім саласындағы жақсы жаңалықтың бірі. Қиын кезеңдерге қарамастан, Мемлекет басшысы білім саласына, ұстаздардың әлеуметтік жағдайына ерекше көзқарас танытып келеді. Сондықтан, ұстаздардың атынан Елбасына алғысымды айтқым келеді»,-деді А.Сәрінжіпов. 

Естеріңізге сала кетейік, Білім және ғылым министрі бүгін Астана қаласында №81 мектеп гимназияның ашылуына қатысты.


Соңғы жаңалықтар