Бұл туралы жылжымайтын мүлік жөніндегі ақпараттық порталдық сараптама қызметі жетекшісі Анна Шацкая мәлім етті.
«Рынок әлі еркін бағамға тиісті жауабын беріп үлгерген жоқ. Жақын арада жылжымайтын мүлік саласындағы мәмілелер айтарлықтай қысқарады. Баға төмендейді. Біз 2016 жылдың соңына қарай баға 15-20 пайызға арзандайды деген болжам жасап отырмыз», — деді А.Шацкая бейсенбі күні журналистерге.
Айтуынша, банктер де ипотекалық несие талаптарын күшейтеді.
Қазірдің өзінде қайталанба нарықтағы үй бағасы 15-20 пайыз арзандады. Ал, жаңа үйлердің бағасында болмашы ғана өзгеріс байқалады, деді А.Шацкая.