2016 жылғы 1 қаңтардан бастап фильтрлі сигареттің бір қорабы кемінде 240 теңге тұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап фильтрлі сигареттің бір қорабы кемінде 240 теңге тұрады

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап фильтрлі сигареттің бір қорабы кемінде 240 теңге тұрады

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда сигареттердің бір қорабының бағасы 240 теңгеге жетеді.

  • 15 Қазан 2015
  • 736
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 

2015 жылғы 12 қазан, Астана, Үкімет Үйі, №822 

«Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі 
№260 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 10, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Фильтрлі 20 (жиырма) сигаретке:

1) 2015 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін — екі жүз жиырма теңге мөлшерінде;

2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап екі жүз қырық теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Соңғы жаңалықтар