2016 жылы жалпы саны 31 мың 702 грант бөлінген екен. Оның ішінде 2950 орын ЖОО-ларға дайындық бөлімдеріне білім алуға, ал 28 мың 752 грант талапкерді 1-ші курстан бастап қабылдауға бөлінген (мұның ішінде күндізгі оқу – 28 мың 452, сырттай оқуға — 300 грант бөлініп отыр).
12 мың 593 грант техникалық және технологиялық, 5 мыңға жуық грант педагогикалық, 2 690 грант ауыл шаруашылығы және ветеринарлық, 3 мың грант медициналық мамандықтарға бөлiніпті.
Айта кетсек, биыл жылы елiмiзде ҰБТ-ға 84 мың 041 оқушы қатысып, 69 мыңнан аса түлек сынақты сәттi тапсырған еді. Орташа балл – 81,2.
АЛ 2016 ЖЫЛҒЫ ГРАНТ ИЕЛЕРІНІҢ ТІЗІМІН МЫНА СІЛТЕМЕНІ БАСЫП ТАНЫСА АЛАСЫЗ.