«Қазақстан — кикбоксинг спорты мықты дамыған елдердің бірі. Мұнда осы спорт түрінің қарыштауына үлкен мән беріліп келеді. Сол себепті біз Қазақстанның кикбоксинг федерациясымен бірге кикбоксингтен Азия біріншілігін Қазақстанда өткізу жөнінде ұсынысты талқылайтын боламыз. Қазіргі уақытта құрлықтық біріншілікті өткізуге бірнеше қала өтініш білдірді. Олардың барлығын қарайтын боламыз. Бірақ, біз Астананы бұл тізімде ең әлеуетті қала ретінде қарап отырмыз», — деді ол бүгін Астанада кәсіпқой кикбоксингтен Азия чемпионы атағы үшін болатын түрнирдің қарсаңында.