2016 жылғы Олимпиаданы ауыстыру мәселесін футболдан 2014 жылғы әлем чемпионатынан кейін қарайды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2016 жылғы Олимпиаданы ауыстыру мәселесін футболдан 2014 жылғы әлем чемпионатынан кейін қарайды

2016 жылғы Олимпиаданы ауыстыру мәселесін футболдан 2014 жылғы әлем чемпионатынан кейін қарайды

2016 жылғы Олимпиаданы Рио-де-Жанейродан Лондонға ауыстыру мүмкіндігі жайлы Халықаралық Олимпиада комитеті футболдан Бразилияда өтетін 2014 жылғы әлем чемпионатынан кейін қарайды,

  • 13 Мамыр 2014
  • 322
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ХОК-тың ақпарат көзіне сілтеме жасаған «Р-Спорт» агенттігі.

"Олимпиада Лондонға ауыстырылуы мүмкін. Бұл тәртіп былай қойылады деген ойдамын: ХОК футболдан әлем чемпионатының қорытындысын күтеді. Оларда бәрі аяқталған соң, шешім қабылданады. Риоға осындай екі алып дода: әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарын арадағы екі жыл ішінде өткізу қиын. Олар мұны есептеген жоқ және ХОК бұл туралы бұрын ойлауы керек еді. Сол себепті Рионың алдындағы басты міндет — олардың әлем чемпионатын қалай өткізетіндігінде», — деп атап өтті ХОК-тағы дереккөз.

«Лондондағы ойындардың ұйымдастырылуына келер болсақ, егер ағылшындар қолға алса, олар екі жыл ішінде дайындалып үлгереді. Оларда барлық инфрақұрылым бар. Спорттық ғимараттар бар. 6-7 мың адамды орналастыру — бұл үлкен қаланың шағын бір ауданын ғана алады. Дәл қазіргі уақытта ХОК ол үшін бәріне барады: қажеттінің бәрін, тіпті студенттер жатақханаларын іске қосады. Оларда еріктілер тобы күшті. Ешқандай сұрақтар туындамайды деп ойлаймын», — деп қосты ХОК ақпарат көзі. Атап өту керек, Лондон жазғы Олимпиада ойындарын 2012 жылы өткізген болатын.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера