2016 жылы барша әкімшілік мемлекеттік қызметшілер кешенді аттестаттаудан өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2016 жылы барша әкімшілік мемлекеттік қызметшілер кешенді аттестаттаудан өтеді

2016 жылы барша әкімшілік мемлекеттік қызметшілер кешенді аттестаттаудан өтеді

Алдағы жылы барша әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің кешенді аттестациясы жүргізіледі.

  • 11 Тамыз 2015
  • 662
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаментінің басшысы Әли Көмекбаев мәлім етті.

«Мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттырудың басқа тетіктерінің бірі 2016 жылы барша әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің аттестициясын жүргізу болады. Жалпы аттестацияны өткізу кезінде қызметкердің заңнаманы білуі деңгейі ғана емес, сонымен қатар мемқызметкерлердің жеке және кәсіби құзыреті де бағаланады. Бұл тұрғыда адамның өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындауы баста назарда болады»,-деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, әкімшілік мемқызметкерлердің құзыретін бағалау үшін тестілеу, ситуациялық тапсырмалар, кеңесу секілді шаралар өткізіледі. Аттестация нәтижесі мемқызметкерлерді дамытудың жоспарын құрудың негізі болмақ.


Осы орайда ол аттестацияның басты мақсаты қызметкерлердің әлеуетін анықтауға бағытталып отырғандығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар