2016 жылы елімізде асыл тұқымды малдардың үлес салмағы 20 % деңгейге жетеді - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2016 жылы елімізде асыл тұқымды малдардың үлес салмағы 20 % деңгейге жетеді

2016 жылы елімізде асыл тұқымды малдардың үлес салмағы 20 % деңгейге жетеді

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - 2016 жылы елімізде асыл тұқымды малдардың үлес салмағы 20 % деңгейге жетеді. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шарушылығы министрлігінде "Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің прогрессивті технологияларын трансферттеу технологиялары және ҚР ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің кооперациясын дамыту көкжиектері" атты республикалық семинарда ҚР АШМ мал шаруашылығын дамыту және ветеринарлық қауіпсіздік департаментінің директоры Рабиға Тоқсейтова айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 19 Қыркүйек 2008
  • 616
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, семинарға ауыл шаруашылық тауар өндірушілері, ҚР АШМ аймақтық құрылымдарының өкілдері, ғалымдар, шетелдік мамандар және технологияларды жеткізуші компаниялардың өкілдері қатысты.

187,1 млн гектар жайылымдық жері бар Қазақстан мал шаруашылығын ұлттық экономиканың ең түсімі мол салаларының біріне айналдыра алады. Дегенмен бұл үшін өндірілетін өнімнің сапасын арттыру қажет, асыл тұқымды малдардың үлесін көбейту арқылы өнім алуды ұлғайтып, ірі тауарлық фермалар мен мал бордақылау алаңдарын құру керек.

ҚР АШМ мал шаруашылығын дамыту және ветеринарлық қауіпсіздік департаментінің директоры Рабиға Тоқсейтованың айтуынша, егер біз елімізге өнімділігі жоғары 30 мың бас мал алып келсек және сұрыптау жұмысын жаппай жүргізсек, алдағы 3 жылдың ішінде елімізде асыл тұқымды малдардың үлес салмағы 10 %-ға, ал 2016 жылы 20 %-дық деңгейге жетеді.

«Бұл шараларды іске асыру арқылы біз ішкі нарықты сүт өнімдерімен толық қамтамасыз етуге қол жеткіземіз. Ал, ет өндіруде шикізат және өңделген тауарлар бойынша ішкі сұранысты қамтамасыз етіп қана қоймай, тауарларымызды тұрақты түрде экспорттап отыруға да мүмкіндік аламыз», — дейді ол.

Қазір 5 мың бас малды бордақылауға арналған алаңдарды және сүт тауарлық кешендерді салу, өнімділігі жоғары малдарды әкелу бағытындағы пилоттық жобаларды жүзеге асыру арқылы бұл міндетті іске асыру жұмыстары басталып та кетті. Осындай кешендерді еліміздің барлық аймақтарында құруға дайындық жұмыстары жүруде. Аталған семинар ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін осы жобаға қатысуға ынталандырып, оларға тиісті кеңес алу және технологияларды жеткізуші компаниялармен келіссөздер жүргізуге жағдай жасауға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар