"Мұнай секторындағы ұйымдардан Ұлттық қорға түсетін 2016 жылға арналған болжамға қарағанда, ол 1 трлн 632 млрд 800 млн 974 мың теңгені құрап отыр, ондағы мұнай көлемі 77 млн тонна, мұнай бағасы баррель үшін 40 доллар және теңгенің долларға қатысты бағамы 250 теңге деп көзделіп отыр», делінген парламент қарауына түскен 2016-2018 жылдарға арналған бюджеттің үкіметтік жобасында, бұл мәтін "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінде бар.
Алдында хабарланғандай, Қазақстанда биыл мұнай өндірісі 80,5 млн тонна мөлшерінде болжанып отыр. Демек келесі жылы Қазақстанда мұнай өндірісі 4,3% төмендейді, деп болжануда.