2017 жылы Байқоңырдан ұшырылатын зымыран тасығышының саны артпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2017 жылы Байқоңырдан ұшырылатын зымыран тасығышының саны артпақ

2017 жылы Байқоңырдан ұшырылатын зымыран тасығышының саны артпақ

Қазақстан үкіметі Байқоңыр ғарыш айлағынан 2017 жылы ұшырылатын ғарыш аппараттары мен сынақ үшін ұшырылатын зымыран тасығыштарының жоспарын бекітті деп хабарлады қорғаныс және ғарыш өнеркәсібі министрлігі.

  • 28 Желтоқсан 2016
  • 636
Фото - Caravan.kz

Жоспар бойынша, Ресейдің федералдық ғарыш бағдарламасы аясында 2017 жылы Байқоңырдан ресейлік 17 зымыран тасығышы, оның ішінде екеуі "Ресей қорғаныс министрлігінің пайдасы үшін" ұшырылмақ, деп хабарлады Азаттық радиосы.

17 зымыран тасығыштың сегізі — ресейлік сегіз "Союз" зымыран тасығышы. Олар ғарышқа ғарышкер басқаратын төрт "Союз МС" кемесін, үш "Прогресс МС" ғарыштық жүк кемесін және қашықтан зондылайтын "Канопус В-ИК" спутнигін алып ұшпақ.

Жоспар бойынша, келесі жылы жеті "Протон-М" және екі "Зенит" зымыран тасығыштары ұшырылмақ.


Министрліктің мәліметінше, 2016 жылы Байқоңырдан 11 зымыран тасығыш ұшырылған.