2017 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесі Астанада өтетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2017 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесі Астанада өтетін болды

2017 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесі Астанада өтетін болды

Парижден сүйінші хабар. 2017-ші жылы Сарыарқа төсінде ЭКСПО халықаралық көрмесі өтетін болды. Ақтық сында Астана көпшіліктің дауысын алып, негізгі қарсыласы Бельгияның Льеж қаласын шаң қаптырып кетті. Сонымен 5 жылдан соң дүниежүзілік көрме ТМД елдерінің ішінде алғаш рет Қазақстанда өткелі отыр.

  • 24 Қараша 2012
  • 538
Фото - Caravan.kz

Басты үміткер екі шаһар еді. Бірі-Астана, екіншісі Белгияның Льеж қаласы. Олар өз таныстырылымында телекоммуникация саласындағы жетістіктерін паш етті. Ал біздің тақырып болашақтың энергиясы жөнінде. Себебі қандай да болмасын технология қуат көзінсіз жұмыс істей алмайды. Бұл туралы кеңірек айтыла бастағаны сол еді, қарсыластарымыздың үні шықпай қалды. Таныстырылым аяқталған соң мына есіктің арғы жағында жасырын дауыс беру басталды. Бөгде кісілердің мұнда кіруіне тыйым салынған. Нәтижесінде, Халықаралық көрмелер бюросына мүше 160 мемлекеттің 103 Қазақстанды қолдады. Ал Бельгия бар болғаны 44 дауыс алды. Жеңісті шенеуніктер сабырлы қабылдаса, Қазақстаннан барған делегация мүшелерінің қуаныштан жүрегі жарылардай. Тіпті көз жасына ерік бергендер де бар.

Еуроаймақтың дағдарыстан шатқаяқтай бастағанын ескерсек, Льеж қаласының инвестиция тарту үшін көрменің пайдалы екенін түсінеді. Ұтылғандықтан көңілдері түсіңкі. Ал Парижде Астананың жеңісіне орай кеш ұйымдастырылды. Францияға делегацияны жеке өзі бастап барған мемлекет басшысы қазақ елін қолдағандарға алғысын айтты. Ағылшын тілінде.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

— "Thank you for your support. Its a great day for Kazakhstan"
. (Сенімдеріңізге рахмет. Қазақстан үшін бүгін ұлы күн.)

Сүйінші хабарды елордалықтар да  тікелей эфирден естіді. Қуаныштарында шек жоқ.

Жеңу бір бөлек, енді оны ұйымдастыру да үлкен шаруа. Ал көрме өтуі тиіс Астанадағы аумақ әзірше қу дала. Бірақ бес жылдың ішінде осындай  керемет қалашыққа айналмақшы. Алып павильондар, мейрамхана мен қонақүйлер салынады. Инфрақұрылым жүргізіліп 2017 жылға дейін заманауи шаһар бой көтеруі тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

ЭКСПО жабылғаннан кейін ол халыққа жұмыс істейтін пайдалы болуы керек. Бекерге салынбауы керек. Негізгі шығын әрине  Қазақстаннан болады. Бірақ оның бәрі қайтады деп ойлаймын.

Сарыарқа төсінде қанатын жаятын ЭКСПО көрмесіне шартараптан 160 мемлекеттің кәсіпкерлері мен туристерін  қосқанда 5 млннан астам адам келеді деп күтілуде. Оны өткізуге қазынадан 1 жарым млрд доллар жұмсалмақ. Десе де, билік бұл желге ұшатын ақша емес, одан экономикаға мол инвестиция тартамыз. Сондай-ақ жаңадан кәсіпорындар ашылып жұмыс орындары пайда болады деп отыр.