Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Газ өндіру көлемі шамамен 53 млрд м3 немесе жоспардың 110%-ын құрады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейі — 47,38%. Ағымдағы жылы 16 жоба іске асырылады, газдандыру деңгейі 48%-дан астамын құрайды. 2017 жылы 102,3 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндірілді. Бұдан өзге 106,7 млн тонна көмір өндірілді.
«2017 жыл отын-энергетика секторының салалары үшін көрсеткіштер бойынша рекордтық болды десек қателеспейміз. Және министрлік үшін 2018 жылдың міндеттері өсімнің белгіленген қарқынын ұстап тұру және салаларды одан әрі дамытуға ынталандыру болып табылады», — деп баса айтты Бозымбаев.