2018 жылдық ең сұлу қазақ арулары жазушылардың атын білмей масқара болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2018 жылдық ең сұлу қазақ арулары жазушылардың атын білмей масқара болды

2018 жылдық ең сұлу қазақ арулары жазушылардың атын білмей масқара болды

Белгілі тележүргізуші Алмас Алтай «Өз ойым» ток шоуында «Қазақ аруы – 2018» атағын жеңіп алған Нәбира Рахымжан мен «Қазақстан аруы» Әлфия Ерсайынды әбден сынап алды.  Қыздарымыз том-том кітаптағы үзінділерді қоя тұрып,  қазақ жазушыларының атын білмей масқара болды.

  • 6 Сәуiр 2018
  • 274
Фото - Caravan.kz

Ток шоуға қонаққа келген қыздар алғашқы сұрақтан-ақ жығыла кетті. Олар Арал теңізі балықшыларына арнап жазылған «Қан мен тер» трилогиясының авторын сұрағанда үнсіз қалып, жұртты шошытты. Одан қалса, тағы да мектеп бағдарламасында жастанып оқитын «Ақбілек» романының авторын білмей састы.

Желі қолданушылары сұлулық байқауы тек сырт келбетке қарап сыналмауы керек деп пікір білдірді. Тіпті кейбірі «Бой түземестен бұрын, ой түзеп алыңдар» деп реніштерін білдірді.


Соңғы жаңалықтар