2018 жылы дінтану оқу бағдарламасына енуі мүмкін - Ермекбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2018 жылы дінтану оқу бағдарламасына енуі мүмкін - Ермекбаев

2018 жылы дінтану оқу бағдарламасына енуі мүмкін - Ермекбаев

Осы оқу жылының ортасында мектеп бағдарламасына дінтану сабағы енуі мүмкін. Бұл туралы дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев үкіметте өткен баспасөз конференциясы барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 28 Тамыз 2017
  • 432
Фото - Caravan.kz

"Білім және ғылым министрлігімен біріге отырып жаңа оқулықты шығарумен айналысып жатырмыз. Оқулыққа әлі атау қойған жоқпыз. Бірақ бұл сабақ мектеп бағдарламасына қосылады. Оқулық әлем діндері, зайырлы мемлекеттің дінге деген көзқарасы жайлы ғылыми контентті қамтиды. (…) Ккелесі жылдан қалмай, мүмкін осы оқу жылының ортасында оқулығымыз жарық көреді", — деді министр.

Сондай-ақ, оның айтуынша, батыстағы облыстардың бірінде, Жамбыл, Қызылорда облыстарында және ШҚО-да дінтану мамандығын енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.

"Бұл деструктив ағымдардың таралып кету қаупі бар өңірлерде қажетті дін мамандарын даярлауға мүмкін береді", — деді Ермекбаев.


Министрдің айтуынша, радикал көзқарастарды ұстанатын адамдарға аса назар аударылып жатыр.
 

Соңғы жаңалықтар