2018 жылы елден қанша адамның кеткені белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2018 жылы елден қанша адамның кеткені белгілі болды

2018 жылы елден қанша адамның кеткені белгілі болды

2018 жылы елден қанша адамның кеткені белгілі болды

  • 13 Наурыз 2019
  • 42
Фото - Caravan.kz

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің өкілдері 2018 жылы елден қанша адамның кеткенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 2018 жылы Қазақстаннан 41 894 адам кеткен. Олардың көбі ТМД елдеріне көшіп кеткен — 37 754 адам. Шығыс Қазақстан облысының 6 272 тұрғыны, Қостанайдың 6 057 тұрғыны және Қарағанды облысының 5 664 тұрғынының басқа елдерге кеткені айтылады.

Статистикаға сүйенсек, қазақстандықтардың көбі Ресейге кетіп жатыр. Онда 36 796 адам кеткен, Германияға 2 691 адам, Беларуське 343 адам және АҚШ-қа 339 адам кеткен.

Ал Қазақстанға келгендердің саны — 12 785 адам. Көбі Алматы қаласына көшіп келген — 1 817 адам. Бір жылдың өзінде Алматыға 1 447 адам келсе, Маңғыстау облысына 1 621 адам келген.


Сондай-ақ, Қазақстанға көбіне Өзбекстан ( 4 407 адам), Ресей ( 3 903 адам), Қытай (1 366 адам) және Қырғызстан ( 1 366) тұрғындарының келгені айтылады.

Соңғы жаңалықтар