Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
ҚР “Қазақстан Республикасының мерекелері туралы” заңына сәйкес еліміздегі ұлттық және мемлекеттік мерекелер уақыты еңбек заңы бойынша мерекелік күндер болып есептеледі. Мерекелік күндер жұмыс күні болып саналамайды. Мерекелік күн демалыс күнге тура кеп қалған жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күн ретінде беріледі.
Қазақстанда жыл сайын аталып өтілетін ұлттық мерекелер: Тәуелсіздік күні – 16-17 желтоқсан; мемлекеттік мейрамдар: Жаңа жыл – 1-2 қаңтар; Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз; Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз; Қазақстан халықтарының бірлігі күні – 1 мамыр; Отан қорғау күні – 7 мамыр; Жеңіс күні – 9 мамыр; Астана күні – 6 шілде; Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 30 тамыз; Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні – 1 желтоқсан.
Осыған байланысты демалыс күнімен сәйкес келіп қалған мерекелік күндер мерекелік жұмыс күнінен кейінгі күнге ауыстырылады: бес күндіктерге: 1 желтоқсаннан 3 желтоқсанға; алты күндіктер: 16 желтоқсаннан 18 желтоқсанға. Құрбан-айттың бірінші күні, 7 қаңтар – провославтық Рождество демалыс күндері
2018 жылы Құрбан айттың бірінші күні 21 тамызда болады.