Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Биылғы жылы пітір садақаның мөлшері 300 теңге ретінде бекітілді. Бұл пітір садақаның ең төменгі мөлшері болып табылады. Діни басқармадағылар садақаны аталған мөлшерден артық беруге де болатынын айтты.
Айта кетсек, пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады. ҚМДБ бекіткен діни күндер күнтізбесіне сүйенсек, биыл Рамазан айы 6 мамырда басталады.