«2019 жылы Қазақстанда бірнеше тікелей әуе қатынасы ашылады. Олар — Прага, Ұланбатыр мен Токиоға дейінгі рейстер. Алғашқы екі бағытқа «Скат» қызмет көрсетеді. Мамыр айында «Скат» авиапаркі екі жаңа Боингпен толығады. Ұланбатырға бірінші әуе рейсі 2 маусымда жасалады. Моңғолияға билеттер сатылымға шықты», — делінген қор мәліметінде.
Бұған қоса, «Скат» жазда Батуми, Краснодар, Сочиге дейінгі әуе қатынасын жаңғыртады. Бұл қалаларға тікелей рейстер Астанадан жасалады. Сондай-ақ, Ереван мен Минеральные Воды қаласына да әуе рейстері болады. Атап өтсек, бұл демалыс кезеңіне арналған маусымдық бағыттар.
Сонымен қоса, биыл Баку-Алматы, Новосібір-Астана, Мәскеу-Семей әуе қатынасы ашылмақ. Бұнымен бірге, Қазақстаннан Шанхай қаласына рейс ашу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.