«2020 жыл: ел 95 пайыз қазақша сөйлей ме?» - республикалық басылымдарға шолу - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«2020 жыл: ел 95 пайыз қазақша сөйлей ме?» - республикалық басылымдарға шолу

«2020 жыл: ел 95 пайыз қазақша сөйлей ме?» - республикалық басылымдарға шолу

Қазақ ақпарат агенттігі 15 шілде, жұма күні республикалық басылымдарда шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

  • 15 Шiлде 2011
  • 702
Фото - Caravan.kz

***

«Нартәуекел! «Қазақмыс» Гонконг қор биржасына бағалы қағаздарын сауадаға шығарды». «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында осындай тақырыппен мақала басылды. Басылымның хабарлауынша, бұл аталмыш корпорацияның екіншілік листингісі. Мыс өндіруші және мыспен қосып түрлі табиғи ресурстарды өндіретін компаниялар тобы осыған дейін де, анығырағы 2005 жылы Лондондағы қор биржасында бағалы қағаздарын бірінші болып саудалаған, қазір де Еуропадағы басты биржалардағы саусақпен санарлық қазақстандық компаниялар санатында. «Неге Гонкконг биржасы? Біріншіден, «Қазақмыс» әлемдегі ең ірі мыс тұтынушы болып табылатын Қытай нарығына жақын орналасқан. Шамамен мыстың 50 пайызын Қытайдың ұзақ мерзімді тапсырыс берушілері сатып алады. Сондықтан да Аспанасты елі негізгі қаржы көзі болып отыр. Және «Қазақмыс» Қытай даму банкімен 2011 жылдың маусымында құны 1,5 млрд. болатын Өзара келісім туралы меморандумға қол қойған», — делінген мақалада.

***

«Айқынның» бүгінгі нөмірінде мемлекеттік тілдің тынысын кеңейтіп, мәртебесін көтеруге арналған бағдарламаны егжей-тегжейлі талдайтын «2020 жыл: ел 95 пайыз қазақша сөйлей ме?» деген тақырыппен мақала басылды. Газет мақаласы тәуелсіздікке қол жеткізген жиырма жылдың ішінде қазақ тілі өз тұғырына қона алмағандығын және тілді дамыту жөніндегі жаңа заңның, бүгінгі күннің талабына сай бағдарламаның қажет екендігін жазады. Осы орайда Президент «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» өз Жарлығымен бекітті. Ол бойынша, мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін 2014 жылға қарай — 20, 2017 жылға қарай — 80, 2020 жылға қарай — 95 пайызға жеткізу межеленіп отыр. Ал мемлекеттік БАҚ-тағы қазақ тіліндегі контенттің үлесін кем дегенде 2014 жылға қарай — 53, 2017 жылға қарай 60, 2020 жылға қарай — 70 пайызға дейін асыру көзделген.

***

«Алаш айнасы» басылымы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, жазушы Жұмабай Шаштайұлымен болған тұшымды сұқбатты оқырман назарына ұсынып отыр.«Біз қандай халықпыз?» дегенде ұлттық ерекшелігіміз көрініп тұрғаны дұрыс болар еді» деген тақырыппен берілген мақалада жазушы жеке шығармашылығы мен «Қазақ әдебиеті» газетінің әдебиеттегі мәселелерді қаншалықты қорғай алып жүруі жөнінде ғана емес, тәуелсіздік құндылықтары, елдің зиялы қауымы, қазіргі әдебиет пен қазіргі қоғам жайында терең ойлар тастайды. «Біз қиын да бұралаң жолмен жүрсек те, өз бағытымызды тауып келе жатқан мемлекетпіз. Ең бастысы, жүрегіміздегі сөзімізді өз үнімізбен айта аламыз. Бұрынғыдай «артық-ауыс сөйлеп қоямын-ау» деп қорықпаймыз. Ту сыртымыздан қадалған назардан құтылдық, құдайға шүкір», — деп тәу етеді жазушы сұқбатта.

***

«Казахстанская правда» газеті өзінің бүгінгі санында 2011 жылы Қазақстанның ЖОО-ларының бас рейтингісін жариялады. Материалда еліміздің үздік 62 ЖОО-ның тізімі беріліп отыр. Зерттеу білім беру саласының сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз НКАОКО агенттігімен шығарылған. Қазақстандық агенттік оның негізгі көрсеткіштерін шығару барысында академиялық көрсеткіштерін талдап, сарапшылардың және жұмыс берушілердің бағасын негізге алған. Агенттік өзінің зерттеуінде елдегі барлық 134 азаматтық ЖОО-ны қамтыған.

Соңғы жаңалықтар