Себебі жер-асты су көздерін іздеу мен бұрғылау жұмыстары сылбыр жүргізілуде. Бұлай жалғаса берсе ауыл халқының 80 пайызы 2020 жылға дейін таза ауыз су дегенді мүлдем ұмытады. Сөйтіп, кезінде жарнамасы жер жарған «Ақбұлақ» бағдарламасына бөлінген миллиардтар тағы желге ұшуы мүмкін. Қазіргі таңда Бас прокуратура шалғайдағы елді-мекендерді сумен қамтуға жұмсалуы тиіс қаржыны талан-таражға салды деген күдікпен 26 шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғаған. Енді үлкен дауға қалғалы тұрған істен шашау шығармау жаңадан тағайындалған Өңірлік даму министрі Болат Жәмішевке жүктеліп отыр. Есеп-қисапқа жүйрік Жәмішев бүгін премьерден араша сұрап, қазына қаржысын ысырап қылатындарға қатал шара қолдануды өтінді.
Серік Ахметов, ҚР Премьер-министрі:
— Өңірлік даму министрлінің ұсынысын құптаймын. Облыс әкімдері де бақылауды күшейтсін. Қаржыны игере алмағандарды қатаң жазалау қажет.