2020 жылға дейін ауылдарға сапалы интернет беріледі – Абаев - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2020 жылға дейін ауылдарға сапалы интернет беріледі – Абаев

2020 жылға дейін ауылдарға сапалы интернет беріледі – Абаев

2020 жылға дейін еліміздегі ауылдық елді мекендерге талшықты-оптикалық байланыс желісін тартылады.

  • 16 Ақпан 2018
  • 234
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің алқа мәжісілінде министр алдымен 2017 жылы Қазақстанда интернетті қолданушылар 77%-ды құрағанын, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 4%-ға жоғары екенін жеткізді.

Сонымен қатар ол өткен жылы еліміздегі аудан орталықтарына жоғары жылдамдықтағы 4G интернет желісі тартылғанын хабарлады.

«2017 жылдың соңына дейін 4G интернет жылдамдығымен 50 мың халық тұратын барлық елдімекен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ бұл тізімге барлық аудан орталығы кіреді», — деді Дәурен Абаев.

Осы орайда министр Телекоммуникация министрлігіне өңірлердегі инспекциялармен бірігіп, осы жылдың бірінші жартыжылдығында аталған елді мекендердегі байланыстың сапасына мониторинг жүргізуді тапсырды.

Дәурен Абаев биыл еліміздегі барлық ауылдық елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жобасы қолға алынатынын жеткізді. Осылайша, ауылдар интернет қызметімен қамтамасыз етілмек.


«Аталған жоба 2020 жылға дейін жүргізіледі. Нәтижесінде 129 ауылдық елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылады. Бұл — министрліктің әлеуметтік маңызы бар бастамаларының бірі. Біріншіден, бұл ауыл шаруашылығы саласын цифрландыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл ауыл тұрғындарының мемлекеттік қызметті алу үшін аудан орталықтарына баруды азайтады», — деді министр.

Айта кетейік, Дәурен Абаевтың айтуынша, Қазақстандағы телекоммуникация нарығының әлеуеті жоғары. Дүниежүзілік экономикалық форумы таратқан мәліметке сәйкес, Қазақстан интернет қолданушылардың саны бойынша 2017 жылы 137 мемлекеттік ішінде 5 позицияға жоғары көтеріліп, 36-орынға тұрақтапты.