2020 жылға қарай Алматыда жан басына шаққандағы ЖАӨ 28 мың АҚШ доллары болады - Б.Байбек - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2020 жылға қарай Алматыда жан басына шаққандағы ЖАӨ 28 мың АҚШ доллары болады - Б.Байбек

2020 жылға қарай Алматыда жан басына шаққандағы ЖАӨ 28 мың АҚШ доллары болады - Б.Байбек

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын БАҚ өкілдеріне таныстырды.

  • 5 Қараша 2015
  • 807
Фото - Caravan.kz


Қала басшысының айтуынша, оңтүстік Астананың даму концепциясына Мәскеу, Варшава, Сеул, Торонто сияқты ірі мегаполистердің дамуы негізге алынды. 
Алматы-2020» бағдарламасында дамудың 7 негізгі бағыты қарастырылған: жайлы қала, қауіпсіз қала, әлеуметтік қала, экономикалық тұрақты қала, жеке капитал мен бизнеске жайлы қала, белсенді азаматтар қаласы, бейімделген қала.
«Қаланың ең басты байлығы — адамдар, олардың шығармашылық әлеуеті мен ақыл-ойы. Қазіргі таңда ешбір қаланың дамуы тұрғындардың белсенді араласуынсыз шешілмейді. Ортақ мәселені шешуге бағытталған ортақ мүдде қала дамуының басты қозғаушы күші. Алматы — белсенді азаматтар қаласы. Мұнда азаматтық қоғам ашық дамып келеді», — деді қала әкімі Бауыржан Байбек. 
Даму бағдарламасына сәйкес, жергілікті маңызға ие автомобиль жолдарының үлесін 80%-ға арттыру мақсат етіліп отыр. 
Қала билігі тұрғындар арасында қоғамдық көлікті насихаттауды жалғастырып, экологиялық тұрғыдан таза автобустардың үлесін 32%-дан 50%-ға дейін арттыруды көздеп отыр. 
Сарапшылар жүргізген зерттеудің нәтижесінде қоғамдық көлік жеке көліктерге қарағанда 3-4 есе аз энергия жұмсайтыны, әрі атмосфераға зиянды затты аз шығаратыны белгілі болды. 
2020 жылға қарай қаланың негізгі капиталына салынатын сыртқы инвестиция көлемін 50%- ға арттыру көзделіп отыр. 
Бағдарлама аяқталар тұста мемлекеттік емес инвестиция көлемі 350 млрд теңге болуы керек. Ал, қала тұрғындарының жан басына шаққандағы ЖАӨ 23 мың АҚШ долларынан 28 мың АҚШ долларына жету керек.
Сондай-ақ, қала билігі 5 жылдың ішінде қаладағы жұмыссыздық деңгейін 5,6 %-дан 5 %-ға жеткізуді мақсат тұтып отыр.

Соңғы жаңалықтар