2020 жылға қарай Қазақстан арқылы өтетін тауардың жалпы көлемі 35 млн. тоннаға жетеді - С. Ахметов - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2020 жылға қарай Қазақстан арқылы өтетін тауардың жалпы көлемі 35 млн. тоннаға жетеді - С. Ахметов

2020 жылға қарай Қазақстан арқылы өтетін тауардың жалпы көлемі 35 млн. тоннаға жетеді - С. Ахметов

Сарапшылардың зерттеулері бойынша 2020 жылға қарай Қазақстан арқылы өтетін тауардың жалпы көлемі 35 млн. тоннаға жетеді.

  • 13 Қараша 2012
  • 288
Фото - Caravan.kz

Одан әрі бұл көрсеткішті 50 млн. тоннаға дейін өсіру көзделіп отыр.

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Стратегиялық серіктестік 1520: Орталық Азия» атты ІІІ Халықаралық темір жол бизнес-форумында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов айтты.

Үшінші рет өтіп отырған форумның негізгі тақырыбы — 1520 кеңістігіндегі елдердің темір жол саласын дамыту бойынша жүк және жолаушы тасымалының жаһанды нарығындағы көшбасшылық ұстанымдарын қамтамасыз ету мақсатында үйлестірілген тәсілдерін жасап шығаруға ықпалдасу.

«Мұндай басқосу интеграциялық үдерістердің тереңдеуін және Еуропа мен Азияның әріптестік қатынасының кеңеюін қамтамасыз етеді.

Қазақстан халықаралық көлік дәліздері торабындағы өзінің геосаяси орналасуына байланысты және барынша жақсы дамыған транспорттық-коммуникациялық жүйесінің арқасында Еуропа мен Азияны байланыстыра алатын логистикалық буын бола алады. Еуропа мен Азия елдерінің Қазақстан аумағында тұрақты бағыттар ашуға қызығушылығы елдегі транспорттық-логистикалық саланы кешенді түрде дамытуды талап етеді», — деді С. Ахметов.

Оның айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев транзиттік әлеуеттің дамуына, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске қосуға, аймақтардағы автомобильдік және темір жолдарды халықаралық көліктің дәліздерге интеграциялауға баса назар аударады. Елбасының бастамасымен «Қазақстан — Жаңа Жібек жолы» атты ірі жоба іске қосылуда. Бұл жоба Қазақстанның Орталықазиялық аумақтың сауда-логистикалық және іскерлік хабына және ең бастысы Еуропа мен Азияның ортасындағы транзиттік көпірге айналуына негіз болады. Премьер-Министр аяқталған темір жол жобалары ретінде 300 шақырымдық Жетіген-Қорғасты мысалға келтірді. Сонымен қатар, биыл «Жезқазған-Бейнеу» жаңа темір жол желісін салу бойынша ауқымды жоба қолға алынады, оның ұзындығы шамамен 1000 шақырым болмақ. Сондай-ақ, 215 шақырымдық Арқалық-Шұбаркөл темір жол желісі тағы бар.

«Осы жобалардың барлығы жүк тасымалының көлемін едәуір арттырады. Былтыр еліміздің теміржолдары арқылы тасымалданған жүктің салмағы 16,5 млн. тоннаға жеткен. Сарапшылардың зерттеулері бойынша 2020 жылға қарай Қазақстан арқылы өтетін тауардың жалпы көлемі 35 млн. тоннаға жетеді. Одан әрі бұл көрсеткішті 50 млн. тоннаға дейін өсіру көзделіп отыр», — деді С. Ахметов.

Соңғы жаңалықтар