2020 жылға қарай Қазақстандағы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 13,2 мың долларға дейін өсетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2020 жылға қарай Қазақстандағы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 13,2 мың долларға дейін өсетін болады

2020 жылға қарай Қазақстандағы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 13,2 мың долларға дейін өсетін болады

2020 жылға қарай Қазақстандағы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 13,2 мың долларға дейін өсетін болады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов мәлім етті.

  • 16 Қыркүйек 2015
  • 560
Фото - Caravan.kz

«Жалпы ішкі өнімнің номиналды көлемі 2016 жылы 44 трлн теңгеден 2020 жылға қарай 61,5 трлн. теңгеге дейін өсетін болады. Бұл ретте теңгенің есеп айырысу бағамының өзгеруін ескере отырып, 2016 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 9,9 мың АҚШ долларына дейін төмендейтіні, ал 2020 жылға қарай 13,2 мың АҚШ долларына дейін өсетін болады», — дейді вице-министр.

Марат Құсайыновтың сөзіне қарағанда, 2016 жылы еліміздегі өнеркәсіп көлемі биылғы жылдың деңгейінде сақталатын болады. 2017-2020 жылдары бұл сала тиісінше 1,7 пайыздан 3,8 пайызға дейін өсетіні күтіледі. 


Соңғы жаңалықтар