Жарияланды: 340

2020 жылға қарай қазақстандық телеарналар 110 мемлекеттің аумағында қолжетімді болады

2020 жылға қарай қазақстандық телеарналар 110 мемлекеттің аумағында қолжетімді болады

2020 жылға қарай қазақстандық телеарналар 110 мемлекеттің аумағында қолжетімді болады.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасының жобасын таныстырған ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай айтты. Оның атап өтуінше, аталған бағдарлама бағыттарының бірінде отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту көзделген. Техникалық жаңғырту эфирлік сандық телевизияны енгізу және «Қазмедиа орталығы» телерадио кешені төңірегінде өндірістік инфрақұрылымды дамыту арқылы жүзеге асырылады. «Қолданған шаралар нәтижесінде 2017 жылға қарай халықтың 100 пайызы сандық сигналды қабылдауға мүмкіндік алады. Оның бірге, 2020 жылға қарай ұлттық спутниктік желісінің абоненттері 1 млн.-ға жетіп, қазақстандық телеарналар 110 мемлекеттің аумағында қолжетімді болады. Ал ғаламтордағы электронды және басылым бұқаралық ақпарат құралдары 95 пайызды құрамақ»,-деді Д. Мыңбай.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін