Мұнай бағасы биылғы жылға қарағанда жоғары болады, бірақ доллар бағамы 400 теңгеге дейін өседі, деген пікір білдірді экономист Арман Байғанов.
"2020 жылы мұнайдың орташа бағасы биылғы жылға қарағанда жоғары болады. Brent баррелі 65-75 доллар шамасында болады деп күтілуде", — деп жазды Арман Байғанов Instagram желісіндегі парағында.
Сарапшы әлемдегі экономикалық ахуалға тоқталып, оның елдегі жағдайға қалай әсер ететінін баяндады.
"Мұнай бағасының болжалды өсуі ұлттық валютаға біршама қолдау көрсетеді. Дегенмен 2020 жылы инфляциялық процестер — 5-10 процент есебінен — АҚШ долларының бағамы 400 теңгеден асады деп ойлаймын", — деген болжам жасады экономист Арман Байғанов.