2020 жылы дүниеге келген сәбилердің арасындағы ең танымал есімдер аталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2020 жылы дүниеге келген сәбилердің арасындағы ең танымал есімдер аталды

2020 жылы дүниеге келген сәбилердің арасындағы ең танымал есімдер аталды

Ұлттық статистикалар бюросы елімізде 2020 жылы ең жиі қойылған есімдерді жарияланды.

  • 11 Қаңтар 2021
  • 109
Фото - Caravan.kz

Өткен жылы дүниеге келген сәбилердің арасында Әлихан мен Медина есімдері танымалдылыққа ие болған, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

есімдер

Келтірілген деректерге сүйенсек, былтыр 4500 ұл бала Әлихан атаныпты. Бір айта кетерлігі, Әлихан есімі алты жылдан бері ең жиі қойылатын ұл балалар есімдерінің көшін бастап тұр. Одан кейінгі орындарға Айсұлтан, Нұрислам, Әмір мен Алдияр есімдері жайғасқан.


Қыздардың арасында Медина есімі танмалдылыққа ие көрінеді. Өткен жылы 5500 нәрестеге осы есім қойылған. Екінші орында Айлин есімі орналасса, алғашқы бестікке Раяна, Айша, Асылым кірген.

Соңғы жаңалықтар