Әлеуметтік салаға барлығы 30,2 млрд теңге бөлінеді. Автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз етуге 2,9 млрд теңге, сумен қамту және кәріз желілерін дамытуға 3 млрд теңге жолданады, — деді Болат Аманжолов.
Сессия жұмысына қатысқан Павлодар әкімі Қайрат Нүкенов келер жылы бюджетке өзгерістер енетінін жеткізді. Қала басшысы айтқандай, 2020 жылғы бюджетке қосымша 10 миллиард теңге қосылады деп күтілуде. Бұл бағыттағы жұмыс қолға алынды.