2021 жылы қыркүйекте Қазақстанда халық санағы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2021 жылы қыркүйекте Қазақстанда халық санағы өтеді

2021 жылы қыркүйекте Қазақстанда халық санағы өтеді

2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтеді.

  • 17 Мамыр 2021
  • 92
Фото - Caravan.kz

Санақ "Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!" ұраны аясында ұйымдастырылады, деп хабарлайды zakon.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросы санақты өткізу процесін автоматтандыру және оған заманауи сандық технологияларды енгізу — 2021 жылдың Ұлттық санағының басты жаңалығы болады деп хабарлайды.

Биыл азаматтарға сауалнама парақтарын онлайн режимде өз бетінше толтыру немесе үй-үйді аралау кезінде офлайн толтыру мүмкіндіктері ұсынылуда.

1 қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz арнайы сайты жұмысын бастайды, мұнда қазақстандықтар 15 қазанға дейін онлайн-режимде санаққа қатысты барлық сұрақтарға жауап бере алады. Дәстүрлі жалпы аралау 1-30 қазан аралығында жүргізіледі және ол белгіленген мерзім ішінде санақтан онлайн-режимде өтпеген респонденттер арасында жүргізілетін болады. Дәстүрлі кезеңнің жаңашылдығы — интервьюерлердің үй аралау кезінде электронды планшеттерді пайдалануы болмақ. Бұл санақ жүргізетін қызметкерлердің еңбек шығынын төмендетуге, мәліметтер сапасына адам факторының ықпалын азайтуға, ЖСН-ін енгізе отырып, санақ мәліметтерінің нақтылық деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңселік құралдарды айтарлықтай үнемдеуге, сондай-ақ, интервьюерлер үшін қолайлылық пен олардың жинақылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Санақ кезінде мәліметтер жинау үшін сәйкестендіргіш ақпарат ретінде сауалнамаға қатысушының ЖСН-і қолданылады. Бұл ақпараттың қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді.

Санақ кезінде қазақстандықтардан не туралы сұрайды

2021 жылдың ұлттық санағын жүргізу кезінде Қазақстан азаматтарына барлығы 87 сұрақ қойылады деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Санақ парақтарындағы сұрақтар тізбесі айтарлықтай ұлғайтылған. Мұнда барлығы 67 сұрақ және оған қосымша 20 нақтылаушы сұрақтар кірістірілген. Сұрақтардың аясын кеңейтуге Еуропалық санақшылардың 2020 жылғы тұрғын үй қорын және тұрғындар санағын жүргізу жөніндегі ұсыныстары мен ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитеттің әдістемелік материалдары негіз болды.

Сауалнама 73 сұрақ аясында жүргізілген 2009 жылдың ұлттық санағынан ерекшелігі, 2021 жылдың санағында көші-қон, еңбекпен қамту, неке жағдайы, бала туу және тіл білуі бойынша сұрақтар аясы кеңейтілген. Сондай-ақ, БҰҰ-ның мүгедектік статистикасы жөніндегі Вашингтон тобымен ұсынылған жаңа сұрақтар қосылды, мұнда мүгедектік критерийлерін ескеріп, денсаулық сақтау статистикасы аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ету көзделген.

2021 жылдың ұлттық санағы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтеді. Оның ұраны — "Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!".

Қазақстандықтар ұлттық санаққа алғаш рет онлайн қатыса алады

Ұлттық статистика бюросы хабарлағандай, 2021 жылдың Ұлттық санағын 1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі аралықта sanaq.gov.kz. арнайы сайтында онлайн режимде респонденттердің өздерінің толтыруы арқылы жүргізу жоспарлануда.

Жүйе тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады. Респондент санаққа қатысу үшін өзіне ыңғайлы кез-келген уақытты таңдай алады, сондай-ақ сайтта бланкты толтыруды тоқтату және оны толтыруды кейін қайта жалғастыру мүмкіндігі болады.

Сонымен қатар, egov.kz электронды үкімет платформасында sanaq.gov.kz сайтының қосымша парағы орналастырылады, ол арқылы электронды цифрлы қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолданып, санаққа қатысуға болады.

Мобильді азаматтар үшін "Aitu" мобильді қосымшасы арқылы Ұлттық санаққа қатысу мүмкіндігі ұсынылатын болады.

2021 жылдың Ұлттық санағы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі кезең аралығында өтеді. Оған онлайн режимде де, сондай-ақ, дәстүрлі тәсіл арқылы да қатысуға болады. 2021 жылдың санағының ұраны — "Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!".

Ұлттық санақ кезінде арнайы call-орталық жұмыс істейді

2021 жылдың Ұлттық санағы кезінде "1446" бірыңғай call-орталығы жұмыс жасайды деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

"1446" — елдің барлық аумағындағы мобильді және стационар телефондар үшін бірыңғай нөмір болады. Сондай-ақ, 8 8000 800 878 нөмірі жұмыс жасайды. Сall-орталыққа қоңырау шалу тегін.

Респондент call-орталыққа 1446 нөмірі бойынша қоңырау шалған кезде кейбір айқын сұрақтар бойынша Бюроның аймақтардағы және Орталық аппараттағы сәйкесті телефон нөмірлеріне автоматты түрде қосулар жүргізіледі.

Сонымен қатар, респонденттер кез-келген арыз-сауалмен немесе кеңес алу үшін Бюроның http://stat.gov.kz интернет-ресурсына, Бюро басшысының блогына, сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы (YouTube, Facebook, Instagram, Telegram) жүгіне алады.

2021 жылдың Ұлттық санағы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі кезең аралығында өтеді. Оған онлайн режимде де, сондай-ақ, дәстүрлі тәсіл арқылы да қатысуға болады. 2021 жылдың санағының ұраны — "Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!".

Ұлттық санақ жүргізу жөніндегі жұмыстарға 32 мыңнан астам адам тартылады

Ұлттық статистика бюросы хабарлағандай, уақытша жұмысқа келесі талаптарға сәйкес келетін Қазақстан азаматтары тартылады: жасы 18-ден жоғары, бастамашыл, жауапты, тез тіл табысатын, компьютермен жұмыс жасай алатын, жұмыс өтіліне және кәсіби біліміне талаптар қойылмайды.

Қазіргі уақытта 17 аймақтан жалпы саны 85 адамнан тұратын ұлттық санақты дайындау және өткізу жөніндегі штаттан тыс бөлімдер құрылды. Барлық қызметкерлермен еңбек келісім шарты жасалды, дәрежелеріне байланысты 65-105 мың теңге аралығында айлық еңбекақы белгіленді. Бұл бөлімдер өз аймақтары бойынша санаққа дайындық және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде, уәкілдердің, нұсқаушы-бақылаушылардың және интервьюерлердің жұмыстарын бақылауда.

Санақты дайындау және өткізу үшін аудандық орталықтардағы және ауылдық округтердегі статистиканың аумақтық бөлімшелерінде ұлттық санақты дайындау және өткізу бойынша 997 нұсқаушы (уәкілдер) жұмысқа тартылады. Уәкілдердің еңбекақысы 85 477 теңгені құрайды, сондай-ақ, айлықтың 10% мөлшерінде жалақыға үстеме қарастырылған.

Нұсқаушылардың міндетіне дайындық іс-шараларын өткізу кіреді: санақтың жүргізілуін БАҚ-та жариялауды ұйымдастыру; санақ қызметкерлерін таңдау, оларды оқыту және үйлестіру бойынша ұйымдастыру жұмыстары; санақтық аудандастыруды (тіркеу, нұсқаушылық және есептік учаскелерге бөлу) құруды қамтамасыз ету; тұрғындар санағын өткізуге қатысу.

Мәліметтер жинау бойынша тікелей жұмыс үшін уақытша 32 313 санақ қызметкерлері: нұсқаушы-бақылаушылар және интервьюерлер тартылатын болады. Интервьюерлермен және нұсқаушы-бақылаушылармен ақылы қызмет көрсету бойынша келісім-шарттар жасалады. Интервьюерлердің 1-ші және 2-ші кезеңнің жұмысына ақы төлеу толық көлемде қызмет көрсетілген жағдайда 30 күнге 83-104 мың теңгені құрайды. 1-ші және 2-ші кезеңнің нұсқаушы-бақылаушыларына толық көлемде көрсетілген қызмет үшін 45 күнге 125 014 теңге төлеу жоспарлануда.

2021 жылдың Ұлттық санағы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі кезең аралығында өтеді. Оған онлайн режимде де, сондай-ақ, дәстүрлі тәсіл арқылы да қатысуға болады. 2021 жылдың санағының ұраны — "Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!".