2022 жылғы қысқы олимпиаданы өткізуге 10 қала үмітті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2022 жылғы қысқы олимпиаданы өткізуге 10 қала үмітті

2022 жылғы қысқы олимпиаданы өткізуге 10 қала үмітті

Халықаралық олимпиада комитеті 2022 жылы өтетін қысқы олимпиада ойындарына кандидат қалалардың тізімін жариялады.

  • 27 Қараша 2012
  • 373
Фото - Caravan.kz

Ақ олимпиаданы өткізуге барлығы он ұсыныс келіп түскен, деп хабарлайды «АЛАМАН» ұлттық спорт порталы.

Бір қызығы, мәңгі жаз болатын Чили (Сантяго қаласы) мен Жаңа Зеландия (Куенстоун немесе Дунедин) елдері де өз кандидатураларын ұсыныпты.

Польша мен Словакияның Краков және Закапоне қалалары олимпиаданы бірге өткізсек дейді.

Румыния (Брасов немесе Прахово), Швейцария (Давос немесе Сент Морис) елдері әзірге қай қаласын ұсынатынын шешпеген. Бұл елдер нақты қаланың кандидатурасын 2013 жылдың жазына дейін анықтауы керек.

Испания Барселонаның, Украина Львовтың, Франция Ниццаның, Германия Мюнхеннің, Норвегия Осланың кандидатурасын ұсынған.

Олимпиада өткізетін қала 2015 жылы Куала Лумпурде өтетін ХОК сессиясында белгілі болады.

Ал Қазақстан 2011 жылы Алматы қаласын 2022 жылғы қысқы олимпиадаға кандидат ретінде ұсынған еді. Бірақ кейін Үкімет бұл ұсыныстан бас тартты. Себебі, Алматыда 2017 жылы қысқы Универсиада өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера