2024 жылы 54 журналист жұмысы үшін қаза болған - kaz.caravan.kz
  • $ 524.75
  • 540.6
-13 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2024 жылы 54 журналист жұмысы үшін қаза болған

2024 жылы 54 журналист жұмысы үшін қаза болған

Түрмеде отырған журналистер Израиль мен Ресейде артқан.

  • 9 Қаңтар
  • 7
Фото: arbatmedia.kz

Бұл туралы «Шекарасыз тілшілер» ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Былтыр әлем бойынша 54 журналист жұмыс барысында қаза болған. Оның ішінде 31 журналист соғыс аймақтарында қайтыс болды. Ең көп құрбан болғандар Газа секторында тіркелді, онда Израильмен қақтығысты жариялау кезінде 16 баспасөз өкілі қайтыс болды. Сондай-ақ, журналистер Ирак, Судан, Мьянма және Украинаны қоса алғанда, басқа да соғыс аймақтарында қаза тапқан.

Әлем бойынша 550 журналист қамауда отыр. Түрмеге қамалған журналистердің басым көпшілігі Қытайда — 124, Мьянамда — 61, Израильде -41, және Беларусьте — 40. 2024 жылы Ресейде сегіз журналист қамалған.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 18 маусымда Киевте Айдос Садықовқа шабуыл жасалып, басына оқ тиді. Салдарынан журналист 13 күн жансақтау бөлімінде жатып, көз жұмды.

Қазақстанда түрмеде отырған журналистердің ішінде Думан Мұхаммедкәрім бар. Ол «Экстремизмді қаржыландырды» және «Тыйым салынған ұйым ісіне араласты» деп айыпталып, жеті жылға сотталған.