2024 жылы әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 523.46
  • 600.04
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2024 жылы әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

2024 жылы әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Астанада 2024 жылы әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Жалпы жүлде қоры 4,8 миллион АҚШ долларын құрайды. Бірінші орын алған жеңімпазға 200 мың доллар беріледі.

  • 16 Мамыр 2023
  • 9
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы халықаралық бокс қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады. 

"Қазақстан сияқты бокс мықтылары жиналған елде IBA ірі турнирлерінің бірі өтетініне қуаныштымын. Бұдан бұрын 2016 жылы Астанада осы жарыс өткен еді. Қазіргі таңда жүлде қорын екі есеге арттырып жатырмыз. Жалпы жүлде қоры 4,8 миллион АҚШ долларын құрайды. Мұның ішіне жаттықтырушыға тиесілі 10 пайыз кіреді. Бірінші орын алған әр боксшыға 200 000 АҚШ долларын береміз", – деді IBA президенті Умар Кремлев.