2024 жылы эконмикалық өсім 4,8 процентті құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 591.06
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2024 жылы эконмикалық өсім 4,8 процентті құрады

2024 жылы эконмикалық өсім 4,8 процентті құрады

Тоқаевтың төралығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

  • 28 Қаңтар
  • 4
Фото: Ақорда

Өсім әсіресе, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік пен өңдеу өнеркәсібі жақсы өсті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы Олжас Бектенов үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

«Өткен жылы экономика өсімі 4,8% -ды құрады. Жоғары серпінге ауыл шаруашылығында — 13,7%, құрылыста — 13,1%, саудада — 9,1%, көлікте — 8,5% қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9% -ға ұлғайды. Аграрлық сектор мен өңдеуде соңғы 10 жылдағы ең қарқынды өсім байқалды», — деді Бектенов.

Сонымен қатар, аграрлық сектор мен өңдеуші салада соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді. 

«Десек те, мұнай өндіру көлемі 2,4 млн тоннаға төмендеп, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынына кері әсерін тигізді. Бұл, көбінесе, еліміздің ОПЕК+ шеңберіндегі міндеттемелеріне және ірі кен орындарындағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты болды», — деді Бектенов.