Елімізде жаңа бағдарлама іске қосылады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
2025 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда балалардың білім алуына арналған жинақ жасауға мемлекет қаржы бөледі. Бұл ақшаны баспана жағдайын жақсартуға да пайдалануға болады.
Бұл мемлекеттен бір реттік төлем:
— 60 АЕК (2024 жылы шамамен 207 000 теңге) барлық балаларға беріледі.
— 120 АЕК (шамамен 414 000 теңге) жетім балаларға беріледі.
Ақша арнайы жинақ шоттарына немесе сақтандыру келісімшарттарына аударылады.
Ата-аналар не істеуі керек?
Жыл сайын шотқа қосымша ақша салу қажет:
-12 АЕК (шамамен 41 000 теңге) — көпбалалы отбасылар үшін.
-24 АЕК (шамамен 83 000 теңге) — қалған отбасылар үшін.
Бағдарлама 5 жастан асқан балаларға арналған. Әр балаға тек бір рет ақша беріледі. Жинақталған қаржыны келесі мақсаттарда жұмсауға болады:
-Білім алуға төлем жасау.
-Баспана сатып алу.
-Ипотеканы өтеу.
-Үй салу немесе сатып алу құқығымен жалға алу.
Егер ата-аналар жинақ жасау міндетін орындамаса, азаматтығын жоғалтса немесе келісімшарт бұзылса, ақша мемлекетке қайтарылады. Бірақ өмірлік қиын жағдайлар болғанда ерекше жағдайлар қарастырылған. Бұл бағдарлама отбасыларға білім мен баспанаға қаржы жинауды жеңілдетеді және қаржылық ауыртпалықты азайтады. Әсіресе, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін үлкен көмек болмақ.