2025 жылға қарай Қазақстан қанша мұнай өндіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2025 жылға қарай Қазақстан қанша мұнай өндіреді

2025 жылға қарай Қазақстан қанша мұнай өндіреді

2025 жылға қарай Қазақстан мұнай өндіру көлемін 104 млн тоннаға жеткізеді. Бұл туралы бүгін елордада халыққа есеп беру кездесуі барысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.

  • 19 Маусым 2018
  • 33
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды. 

«Барлық секторлар шегіндегі көрсеткіштерде мұнай-газ саласы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім көрсетіп отыр. Жоспарлы 1 пайыз өсім кезіндегі нақты өсім бес айда 6,5 пайызды құрап отыр. Мұнайды қайда өңдеу көлемі 6,3 млн тоннаға жетіп, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2 пайыз өсім болды», — деді министр.

Оның айтуынша, мұнай экспорттау өсімінің жоспары 1,4 пайыз болған, ал нақты өсім 5,7 пайызға жетіп отыр. Газ өндіру жоспары 0,8 пайыз болғанда, нақты өсім 6,4 пайызға жетті. Сұйытылған және тауарлық газ өндірісі өсімінің жоспары 3 және 4,1 пайызды құраса, нақты өсім сәйкесінше 4,7 және 7,6 пайызды құрады.

«Өздеріңіз де көріп отырғандай, динамика таң қалдырады. Еліміздің мұнай өндіру өсімінің драйвері теңіз, Қарашығанақ және Қашаған сынды үш ірі мұнай-газ жобасы болып тұр. Олар орта мерзімді кезеңде ел экономикасының өсіміне айтарлықтай үлес қосады. Мұнай өндіру көлемі жыл сайын артып келеді және біздің болжамымызша, 2025 жылға қарай кемінде 104 млн тонналық деңгейге жетуге тиіспіз», — деді Қанат Бозымбаев.


Соңғы жаңалықтар