2025 жылғы Дүниежүзілік ойындар: Қазақстан делегациясы спортшылар қалашығына барды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2025 жылғы Дүниежүзілік ойындар: Қазақстан делегациясы спортшылар қалашығына барды

2025 жылғы Дүниежүзілік ойындар: Қазақстан делегациясы спортшылар қалашығына барды

Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап. Әлімжан Ақаев ұлттық құрам

  • 7 Тамыз
  • 13
ФОТО: ҰҚК

Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Әлімжан Ақаев ұлттық құрама мүшелеріне қолдау білдіріп, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі. Сондай-ақ ол спорттық этика мен олимпиадалық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. 

Оның айтуынша, Дүниежүзілік ойындар – халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды алаңы болмақ. Ол қазақстандық спортшылардың әділ бәсеке, құрмет пен өзара түсіністік рухында жоғары нәтижеге қол жеткізетініне сенім білдірді. 

Кездесу барысында спортшылардың тұру жағдайы мен жарыстарға дайындығына қатысты бірқатар ұйымдастырушылық мәселе талқыланды. 

Айта кетейік, Чэнду–2025 Дүниежүзілік ойындарында Қазақстан намысын 30-дан астам спортшы қорғайды. Олар джиу-джитсу, каратэ, самбо, муай-тай, акробатикалық гимнастика, спорттық құзға өрмелеу, садақ ату және ушу сынды спорт түрлерінен бақ сынайды. Жалпы, бұл ойындарға 114 елден 4 мыңнан астам спортшы қатысады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера