2025 жылы Қазақстанда құжат жасату құны қанша болады - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2025 жылы Қазақстанда құжат жасату құны қанша болады

2025 жылы Қазақстанда құжат жасату құны қанша болады

Сондай-ақ қазақстандықтар жеке куәлік пен төлқұжатты терминал арқылы алатын болады.

  • 23 Желтоқсан
  • 4
Фото: caravan.kz

Келесі жылы 1 қаңтардан бастап паспорттағы бет санына байланысты баж құны өзгереді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Stan.kz сайтының мәліметінше, тұрғындар жеке куәлік жасату үшін 0,2 АЕК немесе 786,4 теңге төлеуі керек. Бірақ жеке куәлігін жоғалтып, бір жыл ішінде екі реттен артық жасатса, 1 АЕК немесе 3 932 теңге төлеуге тура келеді.

Төлем электронды үкіметтің төлем шлюзі, екінші деңгейлі банктер арқылы немесе QR-код бойынша жүзеге асырылады.

2025 жылы неке қию туралы куәліктің де құны 1 АЕК немесе 3 932 теңге болады.

Бірақ ажырасуға өтініш беру екі есе қымбатқа түседі, яғни – 2 АЕК немесе 7 864 теңге.

Туу туралы куәлік тегін беріледі. Бірақ жоғалтып алып немесе басқа да жағдайлармен қайта жасатқан жағдайда 0,5 АЕК немесе 1 966 теңгені төлеу керек болады.

-24 парақ – 4 АЕК, яғни 15 728 теңге (16 жасқа дейінгі балалар үшін);

-Қолданыстағы 36 парақ төлқұжат құны 8 АЕК яғни, 31 456 теңгеге өседі;

-48 парақ – 12 АЕК, яғни 47 184 теңге (ересектерге) болады.

Сондай-ақ қазақстандықтар жеке куәлік пен төлқұжатты терминал арқылы алатын болады. Жобада құжаттама терминалдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистерінде орналасады және биометриялық авторизациядан кейін беріледі.

Бұл республикалық маңызы бар қалалар мен астанада, облыстардың әкімшілік орталықтарында, сондай-ақ Байқоңыр қаласында альтернативті құжат алу жолы ретінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанына дейін қолданыста болады.