2026 жылдан бастап зейнетақыға қанша қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.65
  • 589.06
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2026 жылдан бастап зейнетақыға қанша қосылады

2026 жылдан бастап зейнетақыға қанша қосылады

2026 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы төлемдері қаншаға артатыны белгілі болды

  • 17 Қараша 2025
  • 84
Фото: caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сенатқа Мәжіліс мақұлдаған 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы түсті. Құжатта әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы көлемін арттыруға қатысты маңызды өзгерістер қарастырылған.

Жобаға сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты төленетін зейнетақы, еңбек өтілі үшін берілетін зейнетақы төлемдері 10 пайызға ұлғайтылмақ.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленетін негізгі әлеуметтік көрсеткіштер:

  • Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге
  • Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге
  • Ең төменгі зейнетақы мөлшері – 69 049 теңге
  • Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге
  • Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге