2026 жылы Қазақстан мен Әзербайжан арасында алғашқы паромдар қатынайды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2026 жылы Қазақстан мен Әзербайжан арасында алғашқы паромдар қатынайды

2026 жылы Қазақстан мен Әзербайжан арасында алғашқы паромдар қатынайды

Грузиялық компания Қазақстан мен Әзербайжан арасында 6 паромды іске қосуды жоспарлап отыр.

  • 23 Желтоқсан
  • 5
Фото - Caravan.kz

Алғашқы 2 паром келер жылы іске қосылады. Бұл туралы өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімнің сөзінше, жоба Қазақстанның отандық паром паркін қалыптастыруға, жүк айналымын арттыруға, кеме қатынасының дамуына ықпал етпек.

– Сонымен бірге, келесі жылы грузиялық бизнеспен бірлесіп, Құрық пен Алят (Әзербайжан) порттары арасында 6 паромды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда екі паром Каспий теңізінің акваториясына кірді. Олар 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында жүре бастайды. Жыл сайын тағы 2 паромнан қосылып, 2028 жылға дейін 6 паром толыққанды жұмыс істейді, — деді Н. Қилыбай елордада Орталық коммуникациялар қызметінде.
Сонымен бірге, биыл Маңғыстау облысы Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы биыл жүк тасымалының көлемі 20%-ға артып, 2,5 млн тоннаны құрады. «Semurg Invest» компаниясы 2027 жылға дейін флотты 6 кемеге дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. Биыл 7 мың тонналық бір кеме теңізге шығарылды. 

2026 жылы облыста Жаңа теңіз портының құрылысы басталады. Бұл бағытта Мемлекет Басшысы мен Үкіметтің инвесторларды тарту бойынша тапсырмасы аясында бір жыл бойы келіссөздер жүргізілген. 

– Қазір инвестициялық келісімдер аяқталу сатысында тұр. Жыл аяғында немесе келер жылдың басында қол қойылып, 2026 жылдың 2 тоқсанында құрылыс жұмыстары басталады. Қазір жер учаскесі анықталып, рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба «Қытай — Қазақстан — Ақтау — Баку — Поти — Еуропа» жаңа халықаралық көлік дәлізінің қалыптасуына ықпал етеді, — деді Н. Қилыбай.

Перейти к новостям спорта