2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшері қандай болады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшері қандай болады

2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшері қандай болады

2025 жылдың 22 қазанында Мәжіліс қабылдаған "2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң Сенаттың қарауына енгізілді.

  • 31 Қазан
  • 15
Фото: caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған заң 2025 жылдың 29 қазанында Сенатта тіркелді. Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмендегідей көрсеткіштер белгіленеді:

  • ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге;
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге;
  • ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.

Сонымен қатар, заң жобасында жасына байланысты және еңбек өтілі бойынша төленетін зейнетақылардың мөлшері 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10%-ға артатыны көрсетілген.

Перейти к новостям спорта