2030 жылдан бастап билік әлем бойынша тек олигархтардың қолына ауысады - сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 514.94
  • 583.74
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2030 жылдан бастап билік әлем бойынша тек олигархтардың қолына ауысады - сарапшы

2030 жылдан бастап билік әлем бойынша тек олигархтардың қолына ауысады - сарапшы

АҚШ әлемнің бай азаматтарына қарата еліне ресми түрде шақыру жасады. АҚШ президенті Дональд Трамп құны 5 млн доллар тұратын ықтиярхат алу мүмкіндігін – "алтын картаны таныстырды.

  • 27 Ақпан
  • 12
Фото: ЖИ

Оның сөзінше, карта иелері «көп ақша жұмсап, көп салық төлеп, көп адамды жалдайтын болады». Ол жаңа бағдарламаның жай-жапсарын екі аптадан соң айтуға уәде берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл жаңашылдыққа саясаттанушы пікір білдірді. Оның айтуынша, ұзақ мерзімді алсақ, америкалық азаматтық арқылы өзіне қорған іздейтін миллионерлерге бұл өте жақсы мүмкіндік. Мүмкін, Ресейден, Қытайдан және әлемнің басқа да елдерінен капитал жинап, заңдастыру бойынша «қиналып» жүргендерге бұл үлкен көмек шығар.

Кім қалай десе де, соңғы он бес жылда әлемде мемлекеттік формадағы ұлтшылдық артып келеді. Әлемнің ықпалды елдерінде билік автократиялық басшылардың қолына нық шоғырланды. Әдетте, мұндай типтегі саясаткерлердің билікті қолында шоғырландыру әдісі бірдей. Барлығына ортақ тұсы – «харизматикалық көшбасшы, біртұтас ұлт, тарихын тереңнен алатын өркениет өкілі» формуласымен үндес. Демократияның тежемелік қызметі олардың алдында әлсіз.

Эстафета 2012 жылы Ресейден басталды. Путин төрт жыл бойы премьер-министр болып, билікке қайта келді. «Орыс әлемі» деген тұжырымдамасын жариялап, үлкен дайындықпен билікке оралды.

Екі жылдан кейін ҚХР-да билікке Си Цзиньпин келіп, өзіне дейінгі төрағаларға қарағанда билікті бір лауазым аясына шоғырландырды. 2014 жылы Үндістанда билікке Н. Моди келіп, тұтас билікті қолына алуға тырысты. Тіпті, кейбір сөздерінде «біз – Хиндустанбыз» деп, әсіре оңшыл идеяларды жиі көтере бастады.

Дәл сол жылы Түркияда да алғаш рет премьер-министр Р. Ердоған өзін президент жариялап, билік құрылымын өзгертті. Түркиядағы билік 2014 жылы де-факто президенттік республика формасына ауысты.

Еуразиядан басталған билікті бір қолға шоғырландыру, «бірегей көшбасшылар шеруі» 2016 жылы Америкада жалғасты. Д. Трамп алғашқы президенттік мерзімінде «Алдымен Америка» саясатын таныстырып, Париж келісімшартынан шығып, Иранмен және Кубамен жасалған тарихи келісімдерді жойып, Мексикамен шекараға қабырға саламын дегені есімізде.

«15 жыл бұрын басталған «шеру» әлі жалғасып келеді. Биыл саясаткерлердің қатарына технократтар мен олигархтардың белсенді араласып жатқанын көріп отырмыз», — деді саясаттанушы Нұрболат Нышанбай.

Жақында Ресейде, Қытайда, Үндістанда және басқа да елдерде өздерінің «И. Масктары» пайда болады. Олардың да аргументтері ұқсас болмақ: «Жеке секторда мынадай жетістікке жеттім, енді мемлекеттік институттарды артық бюрократиядан тазартамын» деген сыңайда.

Жалпы, олигархтардың жаппай маңызды саяси шешім қабылдау мүмкіндігіне ие болуы тактикалық жетістіктерге жеткізгенімен, ұзақ мерзімді перспективада ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан әлемдік тәртіпті түбегейлі өзгертеді.

«Мүмкін, 2030 жылдан бастап билік әлем бойынша тек олигархтардың қолына ауысар», — деп аяқтады ойын сарапшы.