2030 жылға дейін сумен жабдықтау саласында деректер 100 пайыз онлайн беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 509.84
  • 595.75
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2030 жылға дейін сумен жабдықтау саласында деректер 100 пайыз онлайн беріледі

2030 жылға дейін сумен жабдықтау саласында деректер 100 пайыз онлайн беріледі

«Smart Turmys» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай цифрлық платформасы әзірленіп жатыр

  • 13 Қаңтар
  • 3
ФОТО: gov.kz

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

– «Smart Turmys» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай цифрлық платформасы қалыптастырылуда. Ол коммуналдық қызметтер бойынша азаматтарға арналған бірыңғай интерфейске айналады. Сонымен қатар, халыққа қолайлы болу және есеп айырысудың ашықтығын арттыру үшін бірыңғай төлем құжатының моделі пысықталды. Басты міндет – объектілерді есептеу құралдарымен және деректерді онлайн беру арқылы автоматтандырылған жүйелермен жарақтандыру, — деді вице-премьер.

Жаслан Мадиевтің айтуынша, бұл өндірістен тұтынуға дейінгі, оның ішінде әлеуметтік нысандарды қоса алғанда, барлық кезеңді бақылауды қамтамасыз етеді. 2030 жылға дейін сумен жабдықтау саласында деректерді онлайн беруді 100 пайыз пайыз қамтамасыз ету қажет. 

– Аталған саланы цифрландыруға Astana Hub экожүйесінің стартаптары елеулі үлес қосуда. Қазір экожүйеде ақылды есептегіштер, ағып кету датчиктері және суды автоматтандыру жүйелері сияқты су секторының цифрлық шешімдерін жасайтын 11 жоба бар. Осы стартаптардың жиынтық табысы 6,3 млрд теңгені құрайды. Бұл инновациялардың ел экономикасының бір бөлігіне айналғанын көрсетеді, — деді ол.