2050 жылға қарай әлемде халық саны 2 млрд. адамға артатын болса, 1, 7 млрд. гектар егіс алқаптары қажет болады - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2050 жылға қарай әлемде халық саны 2 млрд. адамға артатын болса, 1, 7 млрд. гектар егіс алқаптары қажет болады

2050 жылға қарай әлемде халық саны 2 млрд. адамға артатын болса, 1, 7 млрд. гектар егіс алқаптары қажет болады

2050 жылға қарай әлемде халық саны 2 млрд. адамға артатын болса, 1,7 млрд. гектар егіс алқаптары қажет болады.

  • 9 Маусым 2011
  • 439
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада 7 Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы аясындағы азық-түлік қауіпсіздігі сессиясында Стратегиялық және халықаралық зерттеулер институтының атқарушы директоры (Малайзия) Махани Заинал Абидин мәлім етті.

«2050 жылға қарай әлемдегі халық саны 9,1 млрд. адамға жетеді. Бұл дегеніміз, қосымша 2 млрд. адамды азық-түлікпен қамтамасыз ету керек. Атап айтқанда бүгінде әлемде 1 млрд. адам азық-түлік тапшылығын сезініп отыр. Яғни, 2050 жылға қарай бізге 3 млрд. адамды тамақтандыру мәселесін шешу керек»,-деді ол.

Осы орайда ауыл шаруашылығы дақылдары өндірісі мен егін шығымдылығын арттыру керек. 2050 жылға қарай қосымша азық-түлікті өндіруге бізге қосымша сонымен қатар 1,7 млрд. гектар ауыл шаруашылығы егістік алқаптары қажет болады. «Егер де бізге осы 1,7 млрд. гектар қажетті егіс алқабын қамтамасыз ету үшін орманды жерлерді шабуға тура келеді. Бұл өз кезегінде әрине, экологиялық қиын мәселеге алып келеді»,-деді М. Абидин.

Оның сөзіне қарағанда, болашақта азық-түлік жеткізілімдері қиын анықталып, олардың бағасы да қиын болжанбақ. Атқарушы директордың пайымдауынша, 2050 жылға қарай Азия халқының 70 пайызы қалада тұрады. «Алайда, ауыл шаруашылығы өнідірісімен кімдер айналысатын болады? Болашақта бізде жер ресурстарымен қатар, су ресурстары тұрғысында проблемалар болуы мүмкін»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар