Жарияланды: 440

2050 жылға қарай Қазақстан халқының төрттен бірін жасы 65-тен асқандар құрамақ

Осы ғасырдың ортасына қарай Қазақстанда ел халқының төрттен бірін жасы 65-тен асқан азаматтар құрамақ.

«Әлемнің барлық елдеріндегі сияқты Қазақстанда да халықтың қартаю процесі жүріп жатыр. БҰҰ сарапшылары Қазақстанды халқының қартаю қарқыны жоғары мемлекеттер қатарына жатқызған. Олардың болжамынша, 2050 жылға қарай Қазақстан халқының 25 пайызын жасы 65-тен асқан егде азаматтар құрамақ. Оның басым бөлігі әйелдер», - деп президент кеңесшісі, Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті. «Біз қарт кісілердің жағдайын жақсартып, қарттарды масыл көретін ежелгі пікірден қоғамды арылту үшін ұсыныстар әзірлеп жатырмыз», - деді ол сәрсенбі күні Астанада үшінші Еуразиялық әйелдер форумында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін