2050 жылы Қазақстанда халық саны 23-24 миллион адамды құрайды - Дитрих Вальтер - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2050 жылы Қазақстанда халық саны 23-24 миллион адамды құрайды - Дитрих Вальтер

2050 жылы Қазақстанда халық саны 23-24 миллион адамды құрайды - Дитрих Вальтер

Жер тұрғындары жыл сайын 80 миллион адамға ұлғайып келе жатыр. Оны Германиядағы Кампус Seilersee Президенті, профессор Дитрих Вальтер бүгін Алматыда өтіп жатқан "Жасыл экономика және тұрақты даму" деп аталатын халықаралық ғылыми семинарда айтты.

  • 28 Маусым 2011
  • 610
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі таңда қоғамда негізгі 3 мәселе бар. Біріншісі — тұрғындар, екіншісі — интернет бизнес, үшіншісі — экономиканың орнықты дамуы. Табиғатта болып жатқандардың бәрі біздің ортақ мәселеміз. Климаттың өзгеруінің негізгі себебі — адамзат. 1920 жылы планетада 1,3 миллиард халық болды. 2008 жылы 6,7 миллиардты құрады. 2050 жылы ол 8-10 миллиард шамасында болады», — дейді Дитрих Вальтер. Оның айтуынша, жер тұрғындарының саны жыл сайын 80 миллион адамға өсуде. Кейбір статистикаға қарағанда қазір Қазақстанда 17 миллион адам тұрады. 2050 жылы ол 23-24 миллион адамды құрамақ. Халық санының өсуі экономиканың дамуына үлкен ықпал етеді.

«Жер тұрғындарының 60,5 пайызы Азияда, 8,7 пайызы Еуропада тұрады. Халық орналасуындағы үлесіне келсек алдымен Азиядан кейін Африка, Оңтүстік Америка, Австралия, Еуропа орын теппек. Ал медиктердің айтуынша, 2100 жылы хаолықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 100 жасты құрамақшы және ғасыр соңында жер тұрғындарының саны 18-19 миллиард адам болмақ», — дейді әйгілі «Жасыл бизнес» кітабының авторы.

Соңғы жаңалықтар