20-маусымда Киевте Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусьтің Біртұтас экономикалық кеңістігін құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың кезекті отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
20-маусымда Киевте Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусьтің Біртұтас экономикалық кеңістігін құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың кезекті отырысы өтеді

20-маусымда Киевте Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусьтің Біртұтас экономикалық кеңістігін құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың кезекті отырысы өтеді

20-маусымда Киевте Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусьтің Біртұтас экономикалық кеңістігін құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың кезекті отырысы өтеді . Бұл туралы KZ-today тілшісіне аталмыш топтың әкімшілігінен хабарлады.

  • 19 Маусым 2003
  • 536
Фото - Caravan.kz

Отырыс барысында сарапшылар концепция жобасы мен Біртұтас экономикалық кеңістік құру жөніндегі келісімнің жобасын сарапқа салып, Кеңістікті құруға бағытталған шаралар кешенін , сондай-ақ, жоғары дәрежелі топтың бұған дейінгі отырыстарында қабылданған шешімдердің жүзеге асырылу қорытындысын талқылайды. Отырыс нәтижесінде жұмыс бабындағы хаттамаға қол қойылады.

Түске дейін өкілдер тобының жетекшілерін Украина президенті Леонид Кучма қабылдайды деп күтілуде.
Қазақстандық өкілдер арасында ҚР президентінің кеңесшісі Кәрім Мәсімов, ҚР вице-премьері Сауат Мыңбаевтар бастаған 10 адам бар.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылдың 23-ақпанында Мәскеу қаласында төрт мемлекеттің президенттері экономикалық интеграциялану құбылысының жаңа сатыға көтерілгенін мәлімдеп, жоғары дәрежелі бірлескен жұмыс тобын құрған.
Мемлекет басшыларының шешімімен жоғары дәрежелі топтың жұмыс органы Киевте орналасып, жұмыс тобының басшысына сол тұста премьер-министрдің орыбасары қызметін атқарған Қазақстан өкілі Кәрім Мәсімов тағайындалды. Ресей өкілі ретінде үкімет басшысының орынбасары Виктор Христенко, Беларусь өкілі ретінде үкімет басшысының орынбасары әрі экономика министрі Андрей Кобяков, Украина өкілі ретінде үкімет басшысының орынбасары әрі қаржы министрі Николай Азаров тағайындалды.
18-маусымда Астанада өткен баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттің көмекшісі болып тағайындалуына байланысты К.Мәсімовтың Жоғары дәрежелі топтағы Астана өкілі ретінде қала беретінін хабарлаған. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев Біртұтас Экономикалық Кеңістіктің концепциясына қыркүйекте қол қойылғаннан кейін Жоғары дәрежелі топтағы жұмыстарды премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған Сауат Мыңбаевтың одан әрі жалғастыратынын жеткізді.
Жоғары дәрежелі топ өз жұмыстарының нәтижесінде Біртұтас Экономикалық Кеңістікті құру жөніндегі келісімнің жобасын 2003-жылдың қыркүйегіне дейін дайындауға тиіс. Сондай-ақ, бірқатар бағыттарда әр елдің экономикалық саясатын өзара сабақтастыру , осы саладағы заңдарды өзара үйлестіру, сауда-саттық және тариф жөніндегі мемлекетаралық тәуелсіз, әрі ортақ реттеуші экономикалық комиссияны құру тәрізді шараларды жүзеге асыруы тиіс. Топ жұмысының ақырғы мақсаты- аймақтық интеграциялық ұйымды түбегейлі құру болып табылады.

Соңғы жаңалықтар